Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 шешіміне (2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Салық кодексінің 576-бабымен белгіленген Қостанай облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, екі есеге көтерілсін.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы
О. Даниленко
Қостанай облыстық мәслихатының
хатшысы
хатшысы
С. Ещанов